• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 05 Қаңтар, 2023

Алматы әкімі аппаратының басшысы Президент әкімшілігіне ауысты

440 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Асат Болатұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Асат Нұрпейісов 1987 жылы 18 шілдеде дүниеге келген.

2010 жылы Прагадағы Нью-Йорк университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2012 жылы – Еуропалық бизнес мектебін, MSc Global Banking and Finance магистратурасын бітірді.

Еңбек жолын 2012 жылы KPMG Tax and Advisory менеджмент консалтингінде бастады. Әр жылдары мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті басқармасының басшысы, Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры, Премьер-министр кеңсесі жобалық басқару орталығы бас инспекторы, меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісінің м.а., Ұлттық банк төрағасы аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.

2022 жылдың 16 ақпанынан бастап Алматы әкімі аппаратының басшысы болды.

Айта кетсек, Асат Нұрпейісов - Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.