Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Аделаида қаласында шымылдығы түрілген екінші турнирінде де сәтсіз өнер көрсетті.
Әлемдік рейтингте 21-сатыға жайғасқан жерлесіміз тұсаукесер кездесуін WTA тізімінде 16-орында тұрған Петра Квитовамен өткізді. 1 сағат 27 минутқа созылған бұл бәсеке 6:3, 7:5 есебімен чехиялық теннисшінің пайдасына шешілді. Енді Рыбакина жұптық сайыста ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге өнер көрсетеді. Олар Ана Богдан (Румыния) және Ангелина Габуева (Ресей) жұбымен күш сынасады.
Ал Жаңа Зеландияның Октеленд қаласында ерлер арасындағы еліміздің ең үздік ойыншысы Александр Бублик бақ сынады. Бірақ оның да қадамы сәтті болмады. Алғашқы айналымда ол бельгиялық Давид Гоффеннен ұтылды. 1 сағат 14 минутқа созылған тартыста 6:3, 6:4 есебі тіркелді.