• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 10 Қаңтар, 2023

Михаил Кукушкин Аустралияда сәтті өнер көрсетті

221 рет
көрсетілді

Қазақстандық Михаил Кукушкин Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстарын сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, дүниежүзілік рейтингте 195-ші орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 157-ші ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортпен шеберлік байқасты.

Михаил бірінші партияда 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде де өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:4.

Кукушкин іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 138-ші ракеткасы, жапониялық Ёсуке Ватанукимен кездесу өткізеді.