Алматыда танымал кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Гүлмира Сатыбалды бизнесті рейдерлік жолмен тартып алып, адам ұрлады деген күдікке ілігіп отыр.
Айыпталушы тарап істің елордада жалғасқанын қалап өтініш білдірген. Сот өтінішті қанағаттандырып, іс Астана қаласындағы Байқоңыр ауданының №2 сотына жолданды.
Сатыбалдының адвокаты қорғалушысы 10 айдан бері тергеу изоляторында отырып, денсаулығына шағымдана бастағанын түсіндіріп, оны үйқамаққа шығаруын сұраған. Алайда жазасының тым ауыр екенін ескерген сот бұл шешімді қанағаттандырудан бас тартты.
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ