Еліміздің оңтүстік астанасында орнаған аяз 54 жылдан кейін қайта қайталанып отыр. Синоптиктердің мәліметінше, 12 қаңтарда Алматыда екі температулық рекорд тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Шымбұлақта» ауа температурасы -27,8 градусқа дейін жетті. Бұған дейін 1969 жылдың қаңтарында -27 градус аяз тіркелген еді.
«Сонымен қатар «Мыңжылқы» метеостанциясында да рекорд жаңарды. Бұған дейін ол аймақта қаңтарда -32 градус тіркелсе, 12 қаңтарда ауа температурасы -32,4 градусқа жетті», дейді Алматы және Алматы облысы бойынша Қазгидромет филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаев.
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ