• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 16 Қаңтар, 2023

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жарияланды

181 рет
көрсетілді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жеке және жұптық сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтинг бойынша 36-орында тұр. Тимофей Скатов әзірге 144-орында. Михаил Кукушкин бір сатыға төмен түсіп, 196-болды.

Бірінші орында испандық Карлос Алькарас, үшінші орында оның отандасы Рафаэль Надаль және норвегиялық Каспер Рууд.

Жұптық сайыста Андрей Голубев позициясын (49-орын) өзгерткен жоқ. Александр Недовесов екі сатыға төмендеп, 59-орынға тұрақтады. Багель жеті позицияға төмендеп, 179-орынға түсті.

Бірінші орында америкалық Раджиев Рам, үшінші орынды британдық Джо Солсбери, үшінші орынды голландиялық Уэсли Кулхофф алды.