• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Қаңтар, 2023

Непалдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың бірі Қазақстанда тұрған

206 рет
көрсетілді

Непалда ондаған адамның өмірін қиған ұшақ апаты кезінде Қазақстанда тұрған әйел көз жұмды. Оның аяғы ауыр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі болғандай, Елена Бандуро соңғы бірнеше ай бойы Қазақстанда тұрып, қашықтан жұмыс істеген. Кейде жұмыс бабымен шет елдерге шығып тұрған.

Апатқа дейін Елена туыстарына өзінің жүкті екенін хабарлап, Непалға жұбайы Максиммен кездесу үшін аттанған екен. Ал ұшаққа отырмай тұрып әлеуметтік желіде соңғы суретін жариялаған-ды. 

«Комсомольская правда» газетінің мәліметінше, 33 жастағы Ресей азаматы Елена Бандуро тревел-блогер және SMM маманы болған.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қаңтарда Yeti Airlines әуекомпаниясының ATR 72 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған еді. Ұшақ Катмандудан Покхара қаласына ұшып бара жатқан. Алайда қонар сәтте өрт шығып, ұшақ өзен маңына құлаған.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ