Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Австралияда өтіп жатқан AusOpen-2023 турнирінде жеңіліп, Испания өкілі Алехандро Давидович-Фокинге жол берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Турнир барысында испан теннисшісі сәтті өнер көрсетіп, негізгі фавориттер қатарынан көрінді.
Бастапқы айналымда испандықпен кездескен Қазақстан теннисшісі Александр Бублик 6:0 есебімен есе жіберді.
Алайда, екінші және үшінші сеттерде Александр 7:6, 6:3 есебімен басым түсті.
Десе де Испания өкілі қалған екі партияда 6:4, 6:3 есебімен жеңісті қолдан жұлып алды.