• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2014

Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуеті күшейеді

185 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 маусым. Еуразиялық экономикалық одақ жаңа күштің бастауына айналады. Беларусь елінің президенті Александр Лукашенко сербиялық журналистерге берген сұхбатында осылай деді. Бұл туралы Epochtimes.ru хабарлады. Александр Лукашенконың айтуынша, 2015 жылдың 1 қаңтарынан өз жұмысын бастағалы отырған  Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы өте зор. Беларусь президенті: «Аталған одақ тың күштің қайнары болады. Ол әлемдік қауымдастыққа өзінің өміршеңдігі мен айқын бағыт-бағдарын көрсетеді», – деді. Бұдан бөлек, ол Еуразиялық экономикалық одаққа Қытай, Вьетнам мен Үндістан сынды ірі елдер қызығушылық танытып отырғанын, ал келешекте мүше-мемлекеттер қатарына Армения мен Қырғызстанды қабылдау жоспарда бар екенін жеткізді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: Epochtimes.ru. Фото: Epochtimes.ru.