• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Хоккей 20 Қаңтар, 2023

«Барыс» сырт алаңда «Тракторды» жеңді

192 рет
көрсетілді

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында сырт алаңда «Тракторды» жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордалық команда «Трактормен» күш сынасып, овертаймда жеңді. Үшінші кезеңнің екінші минутында Антон Сагадеев гол соқты. Бір минуттан кейін Александр Борисевич қонақтарды алға шығарды. Бірақ ойын соңына дейін айдын иелері таразы басын теңестіре алды. Дегенмен овертаймда Никита Михайлис шайба салып, елордалық командаға жеңіс сыйлады.

Есеп – 2:3 ОТ (0:0, 1:0, 1:2, 0:1)

Енді 21 қаңтарда «Барыс» «Автомобилистпен» кездеседі.