• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Саясат 23 Қаңтар, 2023

Қоғамдық бақылаудың маңызы зор

239 рет
көрсетілді

Президент активтерді елге қайтару бо­йынша нақты тапсырма берді. Бірақ Үкімет осы тапсырманы қандай дәрежеде атқара алады? Қандай заңдылық нормаларды қабылдайды? Мәселе – осында. Көп жағдайда Үкімет қауқарсыздық танытады және өте баяу қимылдайды.

Шетелдегі ақшаны қайтарып аламыз деп жүргенде өзге елге талай қаражат шығып кете ме деген күдік көп. Сондықтан ең бірінші кезекте шетелге заңсыз жолмен қаражат шығармаудың жолдарын қарастыруымыз қажет. Яғни осы уақытқа дейін активтер қандай жолдармен шығарылды? Қандай амалдар қолданылған? Осы жайттың барлығы жан-жақты тексерілуі керек. Аударылған ақшалардың тарихы тексеріліп, сыртқа шығатын бүкіл жолды жабуымыз керек. Осы іс-әрекеттер жасалмай елге ақша қайтарамыз дегеннің бәрі –  бос әурешілік.

Кейінгі уақытта ақша айналымын блокчейн технологиясына көшіру туралы ұсыныс көп айтылып жүр. Осы үдерісті жылдамдатып енгізу қажет. Өйткені блокчейн технологиясының ұтымды тұсы – ақшаның цифрлық іздері сақталады. Қазір елімізде цифрлық теңге шығып жатыр және ол осы жылдан бастап айналымға енгізіледі. Бұл да болса ақшаның заңсыз шетел асып кетуіне тосқауыл қояды.

Тағы бір маңызды мәселе – жеке тұлғалардан гөрі ірі-ірі компаниялар арқылы кеткен қаржыны қайтаруға қатысты. Ол мыс, мұнай саласындағы компаниялар. Мәселен, «Қазақмыс», «Казцинк» секілді шикізаттық сектордағы компаниялардан шетелге жіберген қаражаты өте көп.

Ең бастысы, мемлекет шетелге заңсыз шыға­рылған халық байлығын кері қайтарудың нақ­ты тетігін ұсынуы қажет. Үкіметтің де негізгі міндеті – осы. Ал ең маңыздысы – осы мәселелерде азаматтық белсенділік жоға­ры болуы керек. Халықтың мемлекет пен Үкі­метке нақ­ты та­лаптарын қоя біліп, қоғамдық бақы­лау­ды кү­шей­тудің маңызы өте зор. Журна­лис­тер қауы­мы да батыл зерттеулер жүргізуі керек. Сонда ғана біз халықтың қазынасын толық қайтара аламыз.

 

Мақсат ХАЛЫҚ,

экономист