Инсайдер Жерар Ромероның айтуынша, париждік клубтың шабуылшысы осы маусымның соңына дейін ғана жарамды келісімшартты ұзартуға ниетті емес.
«Месси әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін келісімді жаңарту туралы ойын өзгертті. Ол әлі де өзінің болашағы туралы ойлағысы келеді, ал Барселонаға оралу оның жоспарында жоқ», деп хабарлады әлемдік БАҚ.
Аргентиналық футболшы қазіргі маусымда 15 матч өткізіп, 8 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.