Бұған дейін әлеуметтік желілерде Мамлют ауданының орталығы Мамлютка қаласында 23 жастағы тұрғынның із-түссіз жоғалғаны туралы хабарламалар тарады, деп жазады Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құзырлы органдар бұл ақпаратты тексерді. Әйелдің туыстары оны өз күштерімен іздеп табуға тырысқан. Тек 16 қаңтар күні олар аудандық полиция бөліміне жүгінген.
Ақыры жоғалған қыз Петропавл қаласынан табылды. Полицейлер одан жауап алып, табылғаны туралы туыстарына жеткізді.
Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны әлі анықталып жатыр.