• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Қаңтар, 2023

Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші орын алды

253 рет
көрсетілді

Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасында өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Біріншілік қорытындысында қазақстандықтар 20 медальді (5 алтын, 3 күміс, 12 қола) жеңіп алды.

Медальдар есебінде Өзбекстан боксшылары 21 медальмен (14 алтын, 4 күміс, 3 қола) көш бастады.

Үздік үштікті Таиланд құрамасы (3 алтын, 4 күміс, 2 қола) түйіндеді.

Жалпыкомандалық есеп:

1. Өзбекстан — 14-4-3

2. Қазақстан — 5-3-12

3. Таиланд — 3-4-2

4. Моңғолия — 1-4-4

5. Филиппин — 1-1-2

6. Қытай — 0-4-1

7. Вьетнам — 0-1-3

8. Непал — 0-1-3

9. Индонезия — 0-1-1

9. Камбоджа — 0-1-1

11. Қырғызстан — 0-0-7

12. Тәжікстан — 0-0-3

13. Сингапур — 0-0-1

13. Индонезия — 0-0-1

13. Малайзия — 0-0-1.

 

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ