• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қаңтар, 2023

Рудныйдағы жылу магистралінде тағы да жарылыс болды

336 рет
көрсетілді

Рудныйда жылу магистралінде тағы да жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Горняков көшесінің бойында диаметрі 530 мм болатын құбыр жарылған.

24 көпқабатты үй, 59 жеке тұрғын үй және 16 заңды тұлға ыстық су мен жылусыз қалды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі апат болған жердің анықталғанын хабарлады. Апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

21 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Рудный қаласына барды. Ол Рудный қаласындағы жылу магистраліндегі апаттың салдарымен танысып, облыс басшылығының қалпына келтіру жұмыстары туралы есебін тыңдады.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ