• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Саясат 30 Қаңтар, 2023

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады

282 рет
көрсетілді

31 қаңтар – 1 ақпан күндері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Қазақстан-Бавария және Гамбург инвестициялық форумдарының жұмысына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған форумдарда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады. Неміс инвесторларына энергетикалық ресурстар мен шикізат, логистика, өнеркәсіп және машина жасау, ауыл шаруашылығы, білім, ғылым және IT салаларында Қазақстанмен бірлескен жобаларды іске асырудың артықшылықтары туралы айтылады.

Қазақстанның бүгінде Германияға 140 тауар позициясы бойынша 950 млн АҚШ долларына жуық сомаға экспортты ұлғайту бойынша әлеуеті бар екенін атап өткен жөн.