• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Жәдігер 31 Қаңтар, 2023

Нәуен хазіреттің мөрі

381 рет
көрсетілді

Бұл жәдігерді дін қайрат­керінің ұрпағы Болатбек Әбіқаев «бабамнан қалған көз» деп сақтап келеді. Оның тарихы да өткен ға­сыр­дан сыр тартады.

Торғай уезінің тұңғыш мұх­тасиф имамы Нәуен хазі­рет Нұр­­тазаұлы халықты иман­ды­лық­қа, қайырымдылыққа, жақ­сылыққа үндеген ізгі жан болған. Айтулы тұлғаның дін жолындағы өнегелі ісін туған елі әлі күнге дейін аузынан тастамайды. Бір ғажабы, бұл әулетке кие мен сөз қатар қонған. Осы әулеттің тағы бір өкілі, атақты ақын – Әбіқай Нұртазаұлы. Оны Торғайдағы ақындық мектептің басында тұр­ғандардың бірі деуге болады.Ақын­ның өткен ғасырдың 20-жылдары болған аштық ту­ра­лы жазған «Тас мешін» атты дас­­­танын әдебиет сыншылары жо­­ғары бағалаған.

«Бұл мөрді Нәуен хазірет бабамыз 1910 жылы қажылыққа бар­ғанда баласы Ахметхан Әбі­қай­ұлына Меккеден арнайы соқтырып әкелген. Ол кісі сол қа­жылық сапарында үш жыл жүріп, елге аман-есен оралыпты. Содан бері бұл жәдігер әуле­тіміздің құнды дүниесіне айналып, оны көзіміздің қара­шығындай сақтап келеміз», дейді Болатбек Әбіқаев.

Осында есімі айтылған Ах­мет­хан ақсақал кешегі ғасыр­дың 80-жылдарының ортасына дейін өмір сүрді. Арқалы ақын, асқан әңгімеші, сұңғыла шежіреші, жыршы, қысқасы, марқұм Сейіт Кенжеахметовтің сөзімен айт­қанда «бір өзі бір теат­р болған» адам. Қазақстанның ха­лық жа­зушысы Әбіш Кекіл­баев «Үр­кер» романын жазып жүр­генде Торғайға барып, кө­не­көз қа­риядан Әбілқайыр ханға қа­тыс­ты ел аузындағы көптеген де­ректерді жазып алған.