• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 01 Ақпан, 2023

Өткен жылы бензин мен дизельдің рекордтық мөлшері өндірілді

203 рет
көрсетілді

2022 жылы АИ-92 бензині мен дизель отынының рекордтық мөлшері өндірілді. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомство алқасының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

 

«Бұл көрсеткіштерге Шымкент мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеуді 2023 жылға ауыстыру арқылы қол жеткізілді. 2023 жылы барлық үш МӨЗ-де қажетті жоспарлы жөндеулерді ескере отырып, өндіріс көлемі 13,4 млн тонна деңгейінде болжанады», деді Болат Ақшолақов.

Министрдің айтуынша, 2022 жылы ішкі нарықты мұнай өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында:

АИ-80, 92-93 және жазғы дизель отынын бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды реттеу белгіленді; мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынды; дизель отынының бағасы бірнеше есе жоғары шекара маңындағы елдерге бақылаусыз әкету тәуекелдерін төмендету мақсатында дизель отынының бағасы сараланды; мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жүйесінде өнімсіз делдалдарды болдырмайтын заңнамалық нормалар қабылданды.

 

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ