• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Ақпан, 2023

Пәкістанда жол апатынан 18 адам қайтыс болды

151 рет
көрсетілді

Бейсенбі күні кешке Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған жол апатынан 18 адам қайтыс болып, тағы бірнеше адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті полиция өкілдерінің хабарлауынша, оқиға Кохат ауданындағы Кохат туннелінің жанында орын алды. Жолаушылар автобусы қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан.

Құтқарушылар зардап шеккен адамдар мен қайтыс болғандардың денесін шығару үшін автобусты кесуге мәжбүр болды.

Полицейлердің мәліметінше, апат жүк көлігінің белгіленген жылдамдықтан асып кетуінен болған.

Жолаушылар автобусы солтүстік-батыс Лакки Марват ауданынан провинция орталығы Пешаварға бағыт алған.

Құтқарушылар мен полицейлер зардап шеккендерді жақын маңдағы ауруханаға жеткізді.

Айта кететін жайт, Пәкістанда жолдардың нашарлығы, көлікке нашар техникалық қызмет көрсету және кәсіпқой емес жүргізу салдарынан апаттар жиі болып тұрады.

Соңғы жаңалықтар