• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Саясат 03 Ақпан, 2023

Respublica партиясының кезектен тыс I съезі өтеді

423 рет
көрсетілді

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров 6 ақпанда Астанада өтетін кезектен тыс І съезді шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Іс-шара Astana Hub орталығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен партия мүшелері қатысады. Шарада партияның жаңартылған Жарғысы таныстырылып, бекітіледі. Сонымен қатар партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылған сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға дауыс беру өтеді. 

«Қазір Орталық аппарат партияның өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп, Республика тарихындағы маңызды партияішілік іс-шаралардың бірі – кезектен тыс бірінші Съезге ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Партияның барлық мүшелері Съезді тағатсыздана күтіп отыр, өйткені бұл іс-шара біздің негізгі идеяларымыз бен ұсыныстарымызды халыққа жеткізетін алаң болмақ», деп атап өтті Айдарбек Ходжаназаров. 

Жиын бейресми «галстуксыз» форматта өтеді. Шараға белгілі қазақстандық кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қатысады. Respublica партиясынан партия төрағасы, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, «Олжа Агро» серіктестігінің басшысы Айдарбек Ходжаназаров, тең төрағалар мен кәсіпкерлер Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шүкіжанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев қатысады.