• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Ақпан, 2023

Ақтау-Баянды тасжолында 2 адам көз жұмды

614 рет
көрсетілді

11 ақпан сағат 13:30 шамасында Ақтау-Баянды тасжолының 11 шақырымында Nissan Altima автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылу маневрін жасау кезінде Mercedes-Benz автокөлігіне жол бермей, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол апаты салдарынан оқиға орнында Nissan Altima автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Тағы бір зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.