• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Үкімет 19 Ақпан, 2023

Жұмыспен қамту жайы талқыланды

245 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов халықты жұмыспен қамту жөніндегі шараларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, оның барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Іс-шараға Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау, ұлттық эконо­мика, қаржы, ауыл шаруа­шы­лығы, индустрия және инфра­құры­лым­­дық даму, оқу-ағарту, ақпа­рат және қоғамдық даму вице-ми­нистр­лері, сондай-ақ респуб­ликалық ма­­ңызы бар қалалар мен облыс­тар әкім­дерінің орынбасарлары қатысты.

Алтай Көлгінов кеңес жұмы­сын аша отырып, Мемлекет бас­шы­сы­ның атқарушы органда­р­дың алдына 2029 жылға дейін 3,3 млн адамды, оның ішінде 2,3 млн жастарды жұмысқа орналастыру міндетін қойғанын еске салды.

Ол сондай-ақ биыл Прези­денттің 10 мың халыққа 100 жұмыс орнын құру жө­ніндегі бастамасын іске асыру шеңберінде жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Тамара Дүйсенова халықты жұмыспен қамту шаралары туралы хабарлады. Сала басшысы халықты жұмыспен қамту­дың 20 өңірлік картасы бекітілгенін атап өтті.

«2023 жылы өңірлік карталар шеңбе­рінде 947,8 мың адамды жұмысқа орналас­тыру жоспарланып отыр, оның ішінде 70,2 мың адам іске асырылып жатқан ұлттық жобалар шеңберінде жұмысқа орналасады; 161 мың адам – субсидияланатын жұмыс орындарына; 341,8 мың адам – мемлекет басшыларының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде; 320,4 мың адам – жұмыс берушілер ұсын­ған бос жұмыс орындарына; қалған 54,3 мың адам – облыстарды дамыту, ша­ғын несиелеу және т.б. бағдарламалар шеңберінде жұмыспен қамтылады», деді Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ министр жыл басынан бері республика бо­йынша 97,9 мың адам жұмысқа орналас­тырылғанын, оның ішінде: 61 мың адам белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылғанын; 24,3 мың адам бос жұмыс орындарына орналас­тырылғанын; 11,8 мың адам – жеке бастамалар шең­берінде; 743 адам ұлттық жобал­ар­ды іске асыру шеңберінде жұ­мысқа орналасқаның хабарлады.

Сонымен қатар Тамара Дүй­сенова жылдың наурыз айында іске асырылуы басталатын жастар­дың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін жылдық 2,5%-бен жеңілдікті шағын несиелендіруді ұйымдастыру бойынша жұмыстардың барысы туралы хабардар етті. Шағын несиелер беруге 29 млрд теңге қарастырылған, бұл 5,8 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ биыл республика бойынша мобильді топтар жұмыс істей бастады, олардың негізгі міндеттері: халық­ты жұмыспен қамту орталықтары көрсе­тетін қызметтер туралы халықтың хабар­дар­лығын арттыру; жұмыс­қа орналасу мүмкіндіктеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету; жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұсыну (оқыту, гранттар, субсидияланатын жұмыс орындары) болып табылады.

Өз кезегінде бірқатар өңірлер әкім­­­дерінің орынбасарлары ха­лық­­­ты жұмыспен қамту бойын­ша жер­­гілікті жерлерде жүргі­зі­ліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Кеңесті қорытындылай келе, Алтай Көлгінов халықты жұмыспен қамту мәселелері Мемлекет  басшысының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Премьер-министрдің орынба­сары облыстар мен респуб­ли­ка­лық маңызы бар қала­лардың әкім­діктеріне: тұрақ­ты жұмыс орын­дарын құруға басымдық бере оты­рып, 2023 жылға арнал­ған бекі­тіл­­ген жұмысқа орналас­тыру жос­пар­ларының сапалы орын­да­луын қам­­та­масыз етуді; элек­трон­дық ең­бек бир­жасында ор­на­лас­тыра оты­­рып, жұмыс орын­да­рын құру бо­­йын­ша жұмыс беру­ші­­лермен бел­­сен­ді өзара іс-қи­мыл жасау­ды; осы жылғы 20 ақпан­нан бас­тап ми­к­ро­кредиттер беру үшін биз­нес-идея­лар конкурстар­ын өт­кізу бо­­йын­ша жұмысты бастауды тапсырды.

Оқу-ағарту министр­лі­гіне облыс­тар­дың және республи­калық маңызы бар қала­лардың әкімдіктерімен бірлесіп, 15 нау­рызға дейін бар­лық өңірде мобиль­ді оқу ор­талықтарының жұ­мысын ұйым­дас­тыруды қамта­масыз ету тап­сырылды.

Ақпарат және қоғамдық даму министр­лігіне облыстардың және рес­пуб­­ли­­калық маңызы бар қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп, мемлекет іске асырып жатқан жұмыспен қамтуға жәрдем­десу шаралары туралы халықты кеңінен хабардар етуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігіне жұмыс­пен қамтудың өңірлік карта­ларын іске асырудың, оның ішін­де жұмысқа орна­лас­тырылған аза­мат­тар үшін мін­детті зейнетақы жарна­лары­ның болуы және элект­рондық еңбек шарттарын тіркеу тұрғысынан мониторингті тұрақты негізде қамтамасыз етсін деген тапсырмалар берілді.