Banner
Амангелді ҚИЯС
Амангелді ҚИЯС«Egemen Qazaqstan»
69 материал табылды

Құрылыс • Бүгін, 09:00

Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?

Құрылыс дегеніміз – қарқынды дамыған экономиканың бір саласы ғана емес, созылмалы «ауруларын» сары майдай сақтап қалған ескі бір алаң іспет­тес. Дәрменсіз қоғамға дендеп енген жемқорлық дерті бұл саланы да айналып өте алмаса керек. Қыбын тауып қаражат жымқырып қалу, себепсіз қымбаттатылған сметалар, тиімсіз игерілген теңгелер, тағысын тағылар дәл осы саланың адымын аштырмай келгені анық. Ендеше, цифрландыру ісін екінші планға ысырып, «келешектің шаруасы» деп кешеуілдете беру енді жараса қоймас.

Шаруашылық • 16 Тамыз, 2024

Жеті айдағы жарқын істер

Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында бекітілген негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша нақты шаралар қабылдауды жалғастыру үстінде. Осылайша, министрлік ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексін 111,6%-ға дейін, тамақ өнімдерін өндіруді 105%-ға дейін, сусындарды өндіруді 109%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Пікір • 08 Тамыз, 2024

Жақсының үлгісі

Елдің жайын «Excel»-ге салып, шым-шытырық деректі шотқа қағып, есеп-қисапты шемішкеше шағатын статистика маманда­ры берген мәліметтерге байыптап бір қа­ра­саңыз, байқайтыныңыз мынау – жыл өт­кен сайын ауыл халқы санының азайып бара жатқандығы. Ал керісінше, қала тұр­ған­да­ры­ның қарасы қоңдана түседі. Тамырымыз сол бір алтын діңгектен тара­ған­нан кейін бе, әй­те­уір ауыл десе алаңдап тұра­тынымыз анық...

Руханият • 28 Маусым, 2024

Жазба жанрдың жауынгері

Өзгенің өмір жолына өрнек­ті із тастап, өзіндік қол­таңба­сын қалдыратын айрық­ша бір адамдар болады. Ондай жанға менің өмі­рім­нен де орын табылды. Егер сол азамат мені сөз өнеріне қарай сүйрелемесе, машығы мол журналистиканы маңайламас та ма едім, кім білсін? Қиырдағы ауылда қазақ тілі мен әде­биетінен сабақ беріп қалып қояр ма едім деп те ойлаймын...Иә, біздер қатар оқып, қа­тар қанаттандық. Ол азамат бүгінде журналистика саласында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан бірнеше кітаптың авторы, талантты журналист, қарымды қаламгер Ерлібай Қадырбай болатын...

Үкімет • 29 Ақпан, 2024

Инфрақұрылым қарқынды дамуға тиіс

Премьер-министр Олжас Бектенов Астананың бірқатар инфрақұрылымдық, әлеуметтік және мәдени нысанына барды.

Саясат • 16 Ақпан, 2024

Спортты дамыту басымдықтары айқындалды

Елордада Туризм және спорт министрлігінің алқа отырысы өтті. Жиынға Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Парламент депутаттары, салалық ведомство басшылары мен сарапшылар қатысты.

Үкімет • 12 Ақпан, 2024

Қатаң талаптан басталған жұмыс

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Саясат • 05 Ақпан, 2024

Оңтайлы нарық және тауар транзиті

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті. Жиынға Арменияның Үкімет басшысы Никол Пашинян, Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Ресейдің Үкімет басшысы Михаил Мишустин, Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиев және ЕЭК Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Сұхбат • 05 Ақпан, 2024

Сапалы қолжетімді медициналық көмек – басты міндетіміз!

Бүгінде денсаулық сақтау саласында бірқатар бастамалар жүзеге асып жатыр. Оң өзгерістер легі шалғай жатқан ауылдық жерлерде де байқалып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында министрлікке нақты міндеттер қойды. Кейінгі үш жылдың көлемінде отандық медицинаның әлеуеті едәуір жақсарып, тиісінше медициналық көмекке сұраныс та артты. Мәселен, былтыр стационарларда 3 млн-ға жуық адамға көмек көрсетіліп, амбулаторлық-емханалық жәрдемге жүгінгендерге 90 млн қабылдау жасалды. Осы ретте оқырмандарды саладағы оң өзгерістермен жақынырақ таныс­тыру үшін Денсаулық сақтау министрі Ажар ҒИНИЯТПЕН әңгімелесудің сәті түскен еді.

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2024

Заманауи жаңа зауыт

Біздің елімізде поливинилхлорид (ПВХ) өндірісі жоқтың қасы деуге болады. Дегенмен таяу жылдар ішінде бұл олқылықтың да орны толатындай. Өткен жылдың аяғына таман «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) Түркістан облысындағы жаңа бір инвестициялық жобаға қаржыландыру ашты. «Састөбе» инновациялық кешені» компаниясы іске асыратын бұл жобаға каустикалық сода, ПВХ және кальций карбидін өндіру жөніндегі ауқымды бағыттар топтастырылған.

Яндекс.Метрика