Амангелді ҚИЯС
Амангелді ҚИЯС«Egemen Qazaqstan»
68 материал табылды

Қоғам • 17 Қазан, 2023

Жол-көлік оқиғасын ресімдеу жеңілдейді

Келер жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда көлік құралдарын міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін есептеудің оңайлатылған тәртібі енгізіледі. Сонымен қатар «Еурохаттама» арнайы мобильді қосымшасы да сол кезден өз жұмысын бастайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева хабарлады.

Сауда • 12 Қазан, 2023

Таңбалау жүйесінің табысы

Көлеңкелі импорттың күні жақындап келеді. Контрабандалық өнімнен көз аша алмай қалған көлеңкелі аяқкиім нарығын тазартуға мемлекет шындап кіріскен сыңайлы. Өйткені бұл көптен бері орайы келмей жүрген оңтайлы іс еді. Тұтынар өнімнің табанына цифрлап таңба басу «солақай» табыс тапқан талайдың жолын тұсаулады. Соның арқасында мемлекет қазынасына да азды-көпті қаржы құйыла бастағандай...

Үкімет • 03 Қазан, 2023

«Келешек» – білім инвестициясы

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысы­ның Сайлауалды бағдарлама­сы мен Жолдауын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөніндегі шаралар қаралды.

Сұхбат • 02 Қазан, 2023

Рустам Жүрсінов: Көлеңкелі экономикамен күрес тәсілдерін өзгерту қажет

Елімізде өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелентіп отырған жандар жеткілікті. Алайда олардың барлығы бірдей заңмен қорғалған ба? Кәсіп бастағандардың басында бар мәселемен кімдер айналысады? Жалпы, Қазақстанда кәсіп­керлікпен шұғылданып көгеріп-көктеуге бола ма? Міне, бізді мазалаған осындай сұрақтарды Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Манарбекұлы Жүрсіновке қойып, аз-кем әңгіме-дүкен құрған едік.

Саясат • 02 Қазан, 2023

Зейнетақы жүйесінің келешегі

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 25 жылдығын атап өту аясында Алматыда ұйымдастырылған жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.

Шаруашылық • 25 Қыркүйек, 2023

Aitas Agro: Күрделі жыл болса да күтеріміз көп

Жыл жайлы болмай тұр... Дән сепкен диқанға да, мал баққан шопанға да. Ырзық-несібесін дала төсінен бұйыртқан дәл осы бейнеткеш жандар үшін биылғы жыл ауыр да күрделі болатын сыңайлы. Өйткені ала жаздай аспаннан тамшы тамған жоқ. Аптап ыстықтан жер құрғап, егін күйіп, шөп сұйылды... Егінді таптаған ақбөкендердің «еркелігі» бар. Онсыз да шыр-пыры шыққан шар­уаны шырылдатқан шегірткелер шеруі ше? Бастаудан су жетпей тартылып жат­қан трансшекаралық аймақтардағы өзендер жайы... Саусақ бүгіп санамалай берсең, толып жатыр... Ал күрең күз келгенде, бәрі керісінше. Мөлшерден асып түскен ылғал өзі митыңдап жатқан саланы одан бетер тұралатып тас­тады. Ол аз десеңіз, әлемде болып жатқан саяси жағдайлардың салқыны да фер­мерлер үшін оңайға соғып тұрған жоқ. Сырттан ағылған сапасыз импорт пен еңбегіңе татымайтын төмен баға қазақ диқанының құлшынысын төмен­детіп жібергендей...

Үкімет • 19 Қыркүйек, 2023

Сын түзелмей, мін түзелмес

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында 8 ай ішінде негізгі капиталға инвестициялар тарту қарқыны және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды.

Саясат • 12 Қыркүйек, 2023

Жол құрылысындағы міндеттер белгіленді

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабта республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды салу және реконструкциялау мәселелері қаралды.

Инфографика • 07 Қыркүйек, 2023

Жолдау және жалпыұлттық іс-шаралар жоспары

Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақ­станның экономикалық бағ­дары» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шара­лар жоспарының жобасы қаралды.

Үкімет • 04 Қыркүйек, 2023

Жолдауды іске асыру шаралары айқындалды

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауын іске асыру шаралары айқындалды.