Саясат • 02 Қазан, 2023

Зейнетақы жүйесінің келешегі

154 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 25 жылдығын атап өту аясында Алматыда ұйымдастырылған жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.

Зейнетақы жүйесінің келешегі

Тамара Дүйсенова өз сө­зінде Қазақстан ТМД елде­рінің ішінде бірінші болып жеке жинақ қағидаттарына негізделген жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшкенін атап өтті.

Мәселен, бірінші кезеңде жүйеге қатысушылар табы­сының 10%-ын аударып отыр­ды. Бүгінде олардың жи­нақ­тарының жалпы сомасы 16 трлн теңгеден асты. Екінші кезеңде 2005 жылдан бастап бюджеттен аударылатын базалық зейнетақы төлемдері енгізілді. Нәтижесінде, мем­лекет жүйенің екінші қаты­сушысына айналды.

«Биыл Әлеуметтік кодекс­тің қабылдануымен жүйенің үшінші субъектісі пайда бол­ды – ол жұмыс беруші. Ке­лесі жылдан бастап олар өз қыз­меткерлерінің пайдасына аударымдар жасай бас­тай­­ды. Осылайша, біз көп дең­гейлі ұлттық зейнетақы жүйе­сін құрдық», деді Тамара Дүй­сенова.

Премьер-министрдің орын­­ба­сарының айтуынша, зей­нетақымен қамсыздан­дыру­дың барлық мәселесі шешіл­ген жоқ. Біріншіден, бұл де­мографиялық өзгерістерге қа­тысты. Болжам бойынша 2030 жылға қарай зейнеткерлердің саны 30%-ға артып, 3 миллион­ға жетеді.

«Алайда жүйенің құрыл­ға­нына аз уақыт өткеніне бай­­ланысты жинақтаушы зей­­нетақының мөлшері айтар­лықтай көп емес. Осыған байланысты Әлеуметтік кодекс аясында мемлекет есебінен зейнетақы төлемдерінің мөл­шерін ұлғайтуды көздейтін параметрлік өзгерістер қа­рас­тырылған. Осылайша, елі­міз мемлекеттік жүйеден көп деңгейлі жүйеге өту ке­зеңінде азаматтарымызды зей­нетақымен қамсыздандыру үшін жауапкершілікті өз мойнына алды», деді ол.

Екіншіден, өзін-өзі жұмыс­пен қамтыған азаматтар­ды жинақтаушы зейнетақы жүйе­сімен қамту проблемасы әлі орын алуда. Осы санаттағы азаматтарды әлеуметтік қор­ғау­ды қамтамасыз ету үшін ЭЫДҰ елдерінің тәжіри­бесі бойынша «тәуелсіз қыз­мет­кер» ұғымы енгізілді, плат­формалық жұмыспен қамту­ды реттеу тетіктері айқын­дал­­ды, сондай-ақ микро және шағын бизнес үшін бар­лық әлеуметтік жарнаны бірікті­ретін бірыңғай төлем енгізілді.

«Бұл 500 мыңнан аса аза­маттың еңбегін заңдасты­руға және оларды әлеуметтік қамсыздандыруға, оның ішін­де зейнетақыға құқық алуға мүмкіндік береді деп күтеміз», деді Премьер-министрдің орынбасары.

Үшіншіден, зейнетақы жинақтарының кірісі бойынша мәселелер өзекті бола түсуде. Атап айтқанда, осы мақсатта БЖЗҚ салымшыларына 1 шіл­­деден бастап неғұрлым жо­­ға­ры инвестициялық кіріс алу мақсатында өз жинақ­та­рының 50%-на дейін инвес­тициялаудың баламалы саясатын таңдау арқылы өздерінің зейнетақы жинақтарын бас­қаруға қатысу құқығы берілді.

«Қазақстан заңнамалық деңгейде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының сақталу ке­пілдігін қамтамасыз ету бо­йын­ша міндеттемелерді өз мой­нына алған жалғыз ел еке­­нін айта кеткен жөн. Аза­мат­тар жинақтарды жеке бас­қаруға берген кезде зейнетақы жинақтарының сақталуын оларды басқаруды жүзеге асы­ратын компаниялар қамта­масыз ететін болады», деді Тамара Дүйсенова.

Төртінші пункт ретінде Премьер-министрдің орынбасары азаматтардың зейнет­ақы жүйесіне деген сенімі және жинақтау мәдениеті мә­селелерін айтты. Оның айтуынша, бұл жерде барлық әлеуметтік институттың жұ­мысын жетілдіру қажет.

«Бұл ең алдымен БЖЗҚ-ға қатысты. Қорға азаматтардың зейнетақы жинақтарын өз шоттарында жинақтайтын есеп орталығы ғана болу жеткіліксіз. Ол азаматтарды зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыруға бағытталған әлеуметтік институт, сондай-ақ азаматтардың жинақтарын көбейтуге мүмкіндік бере­тін жоғары табысты инвес­тициялық стратегия болуға тиіс», деп түйіндеді Тамара Дүйсенова.

Дөңгелек үстел жұмысына жетекші шетелдік және отан­дық сарапшылар қа­­тысты.  Қаржы нары­ғын ­реттеу және дамыту агент­тігінің төрағасы Мәдина Әбіл­қасымова елі­міз­дегі зейнетақы актив­те­рін бас­қару жүйесін дамыту кезең­дері туралы, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин Қа­зақстандағы қаржылық тұрақ­тылық пен зейнетақымен қам­сыздандырудың дұрыс­тығы туралы, Еуразиялық эко­номикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (министр) Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО интеграциялық кеңіс­тігінде зейнетақымен қам­сыздандыру туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар бірне­ше панельдік сессия өткі­зіл­ді, оның барысында қатысу­шылар «Халықтың қартаюы және зейнетақы реформасы», «Халықты қамту және хабардар ету», «Инвестициялық стра­тегиялар, тәуекелдерді бас­қару және қадағалау арқы­лы реттеу», «Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыз­дандыру жүйелерінің болашағы: даму перспективалары мен негізгі драйверлері» сияқты өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.

Оған қоса конферен­ция аясында Т.Дүйсенова Ха­лықаралық әлеуметтік қамсыз­дандыру қауымдастығының президенті Мохаммед Азман­мен кездесті. Кездесу барысында әлемдегі әлеуметтік қорғау саласындағы негізгі сын-қатерлер және зейнетақымен қамсыздандырудың ұлттық жүйелерін дамыту перспективалары талқыланды. Тараптар әлеуметтік тәуекелдерді бас­қару және азаматтарды әлеу­меттік қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға келісті.

Сондай-ақ вице-премьер Халықаралық еңбек ұйы­мының әлеуметтік қорғау сала­сындағы саясат жөніндегі ма­маны Крум Марковпен кездесу өткізді.