Амангелді ҚИЯС
Амангелді ҚИЯС«Egemen Qazaqstan»
68 материал табылды

Экономика • 10 Сәуір, 2023

Қазақстан – Әзербайжан: Тауар айналымы 461 млн доллардан асты

Әзербайжан астанасы Баку қаласында Сауда-экономикалық ынтымақ­тастық жөніндегі Қазақстан – Әзербайжан үкіметаралық комиссиясының 19-отырысы ашылды.

Пікір • 06 Сәуір, 2023

Акция: арбау мен алдау арасы

Дәл қазір қымбатшылық «темасы» қазанда шыжғырылған майдай қызып-ақ тұр. Барған жерде баға айтылмаса, бас ауыратын болды. «Қос бүйірден қысқан қымбатшылық» деп бастамасаң, әңгімең де шоқалақтап әріге баспайды. Құрығырдан қашып құтыла алмай қалдық қой... Қызыл­кеңірдек болып жатқан жиналыста да, құж-құж қайнаған автобуста да, дүкеннің кезе­гінде де, тер моншақтаған моншада да, үйдің кіреберісінде де, астың үстінде де айтылып жатқаны – осы әңгіме. Жарасқан ағам жазғандай, «Теледидарды ашып қал­саң да.., радионы басып қалсаң да.., журналдар­ды парақтасаң да.., газеттерді қарап қалсаң да... сопаң етіп сол жарықтық шыға келеді...

Шаруашылық • 04 Сәуір, 2023

Науқаннан сүрінбей өтеміз бе?

Күн қызып, әне-міне дегенше дала төсінде қызу еңбектің қазаны қайнағалы тұр. «Жылда арманда қалатын» диқан қауымның биылғы үміті ақтала ма?» «Сындарлы науқан өз деңгейінде өте ме?» деген сауалдардың жауабын осы саланың жілік майын шағып, зерттеп-зерделеп жүрген сарапшы Алмасбек Садырбай мырзадан төмендегідей жауап­тар алдық.

Саясат • 29 Наурыз, 2023

Екі елдің өзара тиімді әріптестігі

Премьер-министр Әлихан Смайылов елімізге алғаш рет сапармен келген ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы, 20-шақырылымдағы ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Ма Синжуймен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Отбасы • 07 Наурыз, 2023

Жеті жауқазын һәм бір үйдің апалы-сіңлілі қыздары хақында

Әу бастан қыз баласына құрметі бөлек халықпыз. Қызда кие бар, қызда құт бар деп қастерлейтінбіз. Қыз бала дүниеге келгенде ырыс пен береке босағаңнан бірге аттайды деп ырымдайтынбыз. «Шаңыраққа шыр етіп келген шақалақ, шаттығын шақыра туады» деген ұғым осындай шынайы ниеттерден кейін қалыптасса керек қой. Қалай десек те, қазақ «Қызы бар үйдің құты бар» деп бекерден-бекер айтпайды. Ал адамзаттың асыл діні Исламда «Кімнің үйінде қыз бар болса, ол үйге күн сайын көктен он екі береке түседі. Ол үйге періштелер тынбай келіп тұрады. Әрбір күн, әрбір түн сайын олар сол қыздың ата-анасына бір жылдық құлшылықпен тең сауап жазып отырады» деп ғибрат етеді.

Экономика • 05 Наурыз, 2023

Жаңа компания өзара сауданы жандандырады

Жуырда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара тауар айналымын ұлғайту үшін «УзКазТрейд» ЖШҚ сыртқы сауда компаниясы құрылды. Экспорттық-импорттық кәсіпорынның құрылтайшылары – «QazTrade» сау­да саясатын дамыту орталығы» АҚ және «УзТрейд» АҚ.

Пікір • 20 Ақпан, 2023

Былтырғы пияз – биыл кірпияз

Не заңдылығы бар екенін қайдам, әйтеуір әр жыл сайын көкөністің бір түрі «хитке» айналып тұрады. Қайбір жылдары, анау ковидпен күрескен карантиннің тұсында зімбірдің бағасы зеңбіректің оғындай зіркілдеп, ем таппай қиналған талай жұртты зар илетіп, зарықтырып еді. Содан соң сәбіздің «сау­дасы» жүрді. Сол кездерде сәт сайын өскен баға сегіз жүз теңгенің үстіне бір-ақ секірді деп улап-шуладық. Көп ұзамай картоп кетті... Аграрлы ел картоп таппай абдырады. Алыстағы Мысыр мен Пәкістанға амалсыздан алақан жаюға мәжбүр болдық. Ала баған асып келген астың арзан бағамен саудаланатындығын армандамай-ақ қойсақ болғандай еді, сонда... Қырыққабаттың да қыр көрсетіп қоятын «қыңырлығы» барын былтыр байқадық емес пе? Сонымен биылғы қоян жылының «хиты» – пияз.

Үкімет • 19 Ақпан, 2023

Жұмыспен қамту жайы талқыланды

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов халықты жұмыспен қамту жөніндегі шараларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, оның барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.