Шаруашылық • 16 Тамыз, 2024
Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында бекітілген негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша нақты шаралар қабылдауды жалғастыру үстінде. Осылайша, министрлік ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексін 111,6%-ға дейін, тамақ өнімдерін өндіруді 105%-ға дейін, сусындарды өндіруді 109%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Пікір • 08 Тамыз, 2024
Елдің жайын «Excel»-ге салып, шым-шытырық деректі шотқа қағып, есеп-қисапты шемішкеше шағатын статистика мамандары берген мәліметтерге байыптап бір қарасаңыз, байқайтыныңыз мынау – жыл өткен сайын ауыл халқы санының азайып бара жатқандығы. Ал керісінше, қала тұрғандарының қарасы қоңдана түседі. Тамырымыз сол бір алтын діңгектен тарағаннан кейін бе, әйтеуір ауыл десе алаңдап тұратынымыз анық...
Сұхбат • 05 Ақпан, 2024
Сапалы қолжетімді медициналық көмек – басты міндетіміз!
Бүгінде денсаулық сақтау саласында бірқатар бастамалар жүзеге асып жатыр. Оң өзгерістер легі шалғай жатқан ауылдық жерлерде де байқалып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында министрлікке нақты міндеттер қойды. Кейінгі үш жылдың көлемінде отандық медицинаның әлеуеті едәуір жақсарып, тиісінше медициналық көмекке сұраныс та артты. Мәселен, былтыр стационарларда 3 млн-ға жуық адамға көмек көрсетіліп, амбулаторлық-емханалық жәрдемге жүгінгендерге 90 млн қабылдау жасалды. Осы ретте оқырмандарды саладағы оң өзгерістермен жақынырақ таныстыру үшін Денсаулық сақтау министрі Ажар ҒИНИЯТПЕН әңгімелесудің сәті түскен еді.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2024
Біздің елімізде поливинилхлорид (ПВХ) өндірісі жоқтың қасы деуге болады. Дегенмен таяу жылдар ішінде бұл олқылықтың да орны толатындай. Өткен жылдың аяғына таман «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) Түркістан облысындағы жаңа бір инвестициялық жобаға қаржыландыру ашты. «Састөбе» инновациялық кешені» компаниясы іске асыратын бұл жобаға каустикалық сода, ПВХ және кальций карбидін өндіру жөніндегі ауқымды бағыттар топтастырылған.
Экономика • 04 Қаңтар, 2024
QazaqGaz: Жетістіктер мен алдағы жоспарлар
QazaqGaz ұлттық компаниясы 2022 жылдың басынан бастап елдегі түрлі жобаларға 400 млрд теңгеден аса қаражат инвестициялады. Сонымен қатар ел басшылығы, Үкімет, Энергетика министрлігі және «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен QazaqGaz компаниясы газ саласында ауқымды реформалар жүргізді. Компания өз қаражаты есебінен газ тасымалдау жүйесін жаңғыртып, жүйелі инфрақұрылымдық жобаларды қолға алды. Жүргізілген жұмыс оң нәтижесін берді. Айталық, «Самұрық-Қазына» қорына 27 млрд теңге сомасында дивидендтер төленді. Мұндай нәтижелі салым компания тарихында бірінші рет болып тұр.
Саясат • 29 Желтоқсан, 2023
Әлихан Смайылов: Экономика өсіп, инфляция төмендеп келеді
Премьер-министр Әлихан Смайылов «24KZ» телеарнасына 2023 жылғы ішкі жалпы өнім және инфляция бойынша болжамды көрсеткіштер мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі тапсырмаларының орындалуы туралы кең ауқымды сұхбат берді. Премьер-министрдің айтуынша, отандық экономика күрделі сыртқы жағдайларға бейімделді.
Сұхбат • 29 Желтоқсан, 2023
Еңбек • 28 Желтоқсан, 2023
Еңбек мигранттарына ерекше көзқарас
Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) миссиясының Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жергілікті атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылын нығайту тұрғысында еңбекші-мигранттардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдірудің өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдер сериясын өткізді.
Сұхбат • 22 Желтоқсан, 2023
KEGOC өзінің барлық өндірістік міндеттерін орындайтын болады
Желтоқсан айының үшінші жексенбісі Қазақстанда Энергетик күні ретінде аталып өтіледі. Биылғы кәсіби мерекелер күнтізбесі осы бір соңғы мейрамдармен жабылғалы да тұр. Бұл – мерекені де ұмытпай, бір жылғы қызметті де саралайтын уақыт. Биылғы жыл «KEGOC» АҚ ұжымы үшін қандай сәттерімен есте қалғандығы туралы Басқарма төрағасы Нәби Айтжановтан сұрап білген едік.
Өндіріс • 20 Желтоқсан, 2023
ERG Қазақстан электролиз зауыты құны 15,6 млрд теңгелік инвестициялық жобаны жүзеге асырды
Қазақстан электролиз зауытындағы анод күйдіру пеші күрделі жөндеуден өтіп, қайта іске қосылды. Бұл – өндірісті жаңартып, техникалық тұрғыда қайта қаруландыруды көздеген инвестициялық бағдарламаның жемісі. Жобаның жалпы құны – 15,6 миллиард теңге.