• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Театр 27 Ақпан, 2023

«Абай» операсына барды

360 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов «Астана Опера» театры қойған «Абай» операсын тамашалап, шығармашылық ұжыммен кездесті.

Қазақ театры өнерінің классикасына айналған «Абай» алғаш сахналанған сәтінен бастап түрлі нұсқада қойылды. Өзгермейтін, тек ақынның рухы ғана сияқты. Бұл, әрине, туындының авторлары – Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди мен Мұхтар Әуезовтің шеберлігінен болар.

Спектакльдің қоюшы-дири­жері – маэстро Алан Бөрібаев, режиссері Джанкарло Дель Мо­нако. Қойылымға италиялық сце­нограф-суретші Эцио Фри­джерио мен костюмер Франка Скуарчапино да жұмыс істеді.

«Елімізде театр өнері жоғары бағалануы керек. Өткен аптада Түркістан облысының шалғай ауданына (Жетісайға) барғанда Құрманбек Жандарбеков атын­дағы жергілікті драма театрға соқ­тым. Жұмыс сапарының қо­рытындысы бойынша аталған театр­ды қаржыландыру мөл­шері ұлғайтылды, сондай-ақ шы­ғармашылық ұжым гастрольдік са­пар­ларға шығатын болды. Театр өнерінің дамуын қолдай оты­рып, біз дұрыс бағытта қозға­латынымызға сенімдімін», деді министр.

Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауы­мен сахналанған спектакль екі күн бойы көрсетілді.