• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өндіріс 01 Наурыз, 2023

Уран өндіру мен өңдеудің толық циклімен танысты

416 рет
көрсетілді

Жуырда Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Қызылорда облысына үшкүндік жұмыс сапары барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязовпен бірге «Байкен-U» ЖШС уран өндіруші кәсіпорнына барып, уранды өндіру мен өңдеудің толық циклімен, оның ішінде аффинаж зауытының жұмысымен және ауысымдағы жұмысшылардың еңбек, тұрмыс жағдайымен танысты.

Жалпы жер қойнауын пайда-ланушының жұмысына оң баға беріліп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі атап өтілді.

Сондай-ақ жұмыс сапары аясын­да «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның Қызылорда облысында орналасқан еншілес кәсіпорындарының қатысуымен олардың қазіргі қызметі мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша Энергетика министрлігіне уран кен орындарын игеруді дамыту бағдарламасының тұжырым­дама­ларын және кен орындарына іргелес аумақтарда уранды барлау жоспарларын ұсыну, сондай-ақ кен орындарында уран өндіру кезеңін ұзарту мәселесін пысықтау тапсырылды.

Сол күні түстен кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ және өңірдегі көмірсутектер саласын­дағы жер қойнауын пайдаланушыларымен жұмыс кездесуі өтті.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға Торғай-Палеозой учаскесінде ұңғыманы бұрғылау бойынша жұмысты жеделдету ұсынылды. «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ға және «Қазгермұнай» БК» ЖШС-ға Оңтүстік Ақсай кен орнын жедел пайдалануға беру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Кеше вице-министр өңір тұрғын­дарымен және коммерциялық емес ұйымдармен кездесіп, азаматтарға жеке қабылдаулар өткізіп, жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг ұйымдастырды.