АСТАНА. 24 маусым. Президент Шығыс Қазақстан облысындағы іс-сапарын Өскемен технологиялық жабдықтар зауытының жұмысымен танысудан бастады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Зауытты аралау барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа аталған өңірде жүзеге асырылып жатқан Индустрияландыру картасының жобалары көрсетілді. Сондай-ақ, Президент технологиялық жабдықтар өндіретін жаңа зауыт құрылысының барысымен танысты.
Өскемен технологиялық жабдықтар зауыты жылу-энергетикалық кешен, құрылыс индустриясы мен металлургия кәсіпорындарына арналған жабдықтар шығаруға бағытталған. Оның өнімдері еліміз бен алыс-жақын шетелдерге сатылады.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: akorda.kz.
Фото: akorda.kz.