Чарльз Хэтфилд химиялық реагенттерді сатып алып, түрлі тәжірибелер жүргізген. 1902 жылы ол 23 химиялық элементтен тұратын жауын-шашын тудыратын құпия қоспаны ойлап тапты.
Уақыт өте келе құрғақшылық салдарынан Хэтфилд жаңбырды ақшаға сата бастады. Оның даңқы өсіп, мыңдаған долларға келісімшарттар жасады.
1928 жылы Хэтфилд Үлкен Аю көлін жаңбыр суымен толтырды. Ал бір жылдан кейін Гондурастағы өртті сөндірді. Чарльз 1958 жылы 12 қаңтарда ұнтақтың құпия формуласын ашпай қайтыс болды.
Хэтфилд барлығы 500-ден астам жаңбыр жаудырған.