• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2014

ЭКСПО-2017 жобаларын іске асыру мәселелері Сочиде талқыланды

278 рет
көрсетілді

АСТАНА. 24 маусым. Сочиде Еуразиялық экономикалық комиссия отырысы өтті. Онда Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім ережелерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Сочидегі аталған басқосуға Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысты. Отырыста Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімді жүзеге асыру бойынша алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар кеңінен сөз болды. Сондай-ақ, еуразиялық интеграцияны одан әрі дамытудың ең басты мәселелері қаралды. Тарқата айтар болсақ, Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы келісім жобасы, еуразиялық интеграциялық жобаға қатысуы жөніндегі Қырғыз елінің алдағы міндеттері талқыға түсті. Бұдан бөлек,  ЭКСПО-2017 жобаларын іске асыру мәселелері де осы басқосуда күн тәртібіне қойылды. Жиында қабылданған шешімдер интеграциялық бірлестіктің ашықтығын нақтылады. Жолдыбай Базар. Дереккөз: primeminister.kz. Фото: Ortcom.kz.