АСТАНА. 24 маусым. Атырау облысының тауар өндірушілері Еуразиялық экономикалық одаққа үлкен сенім артып отыр. Бұл туралы «24kz» хабарлады.
Атырау өңіріндегі көптеген кәсіпорындар көршілес мемлекеттермен байыпты экономикалық қарым-қатынас қалыптастырған. Олар енді өткізу аясы кең жаңа нарыққа шығуға әзірлік үстінде. Осындай кәсіпорындардың бірі ретінде Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Шортанбай балық зауытын айтуға болады. Бұл зауыт жылына 4 мың тонна балық өңдеп, 40-тан астам дайын тауар өндіріп, оны шетелге сатуда.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «24kz».
Фото: «24kz».