• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2014

Кеңес мәжілісіне қатысушылармен кездесті

251 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Май­лыбаевтың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекеттік ақпарат агенттіктері кеңесінің (ТМД Ақпарат кеңесі) XVIII мәжілісіне қатысушылармен кездесуі өтті. Кездесу шеңберінде тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­тығына қатысушы елдердің ақпарат саласындағы ынтымақтастығының көкейкесті мәселелерін талқылады. Б.Майлыбаев ТМД Ақпарат кеңесі мен ТМД-ға мүше елдер­дің Ұлттық ақпарат агент­тік­тері қауымдастығының ортақ ақпа­рат­тық кеңістік қалып­тас­тырудағы үлесін атап өтті. Әңгіме барысында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ТМД кеңістігінде жаңа интеграциялық бірлестік – Еуразиялық экономикалық одақ құрудағы тарихи рөлін атап көрсетіп, оның даму перс­пективаларын болашақта қалай көретінімен бөлісті. Б.Майлыбаев мемлекеттік ақпа­рат агенттіктері басшы­ла­рының сұрақтарына жауап берді. Бұл орайда, этносаралық үнқатысудың тамаша үлгісі болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының қыз­ме­тіне байланысты, сондай-ақ, тәуел­сіз Қазақстанның символы –  Астананың даму кезеңдері ту­ралы сұрақтар да қойылып, оларға да жан-жақты жауаптар қайтарылды. Ұлттық ақпарат агенттіктері қау­ым­дастығы 2004 жылы Ақ­па­рат кеңесінің шешімімен құ­рыл­ған халықаралық ұйым болып табылады. Оны құрудағы мақ­сат – ТМД-ға қатысушы мем­ле­­кет­тердің ақпараттық ресурс­тарын тиімді пайдалануды қамта­ма­сыз ету. Қауымдастық құра­мына Әзербайжанның Азер­тадж, Арменияның Армен­Пресс, Бе­ларусьтің БелТА, Қазақ­стан­ның ҚазАқпарат ХАА, Қыр­ғыз­станның Кабар, Молдо­ваның Молд­Прес, Ресейдің ИТАР-ТАСС, Тәжік­станның Ховар ұлттық ақпарат агент­тіктері кіреді.