2022 жыл 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауындағы тапсырмалар орындалып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
ТАПСЫРМА:
Қазақстан Республикасы Президентінің президенттік өкілеттіктерді атқару мерзімінде саяси партияға мүшелігін тоқтату міндетін заңнамада бекіту; Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдары мен квазимемлекеттік сектор басшылары лауазымдарын атқаруына тыйым салуды заңнамада бекіту.
ОРЫНДАЛДЫ:
2022 жылы 8 маусымда тиісті Заң қабылданды.
43-баптың 3-тармағы. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс.
43-баптың 4-тармағы. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қызметтерін атқаруға хақысы жоқ.
ТАПСЫРМА:
Мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттар үшін императивті мандат енгізе отырып, азаматтарға сайлану мүмкіндігін беретін аралас сайлау жүйесіне көшу: Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттардың 30 пайызы - мажоритарлық жүйе бойынша, 70 пайызы - партиялық тізімдер бойынша.
ОРЫНДАЛДЫ
2022 жылы 8 маусымда тиісті Заң қабылданды.
50-баптың 3-тармағы. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын тоқсан сегіз депутаттан тұрады.