• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 15 Наурыз, 2023

Марат Әшім Президенттің Протокол қызметінің бастығы болып тағайындалды

349 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін бұл қызметті Дмитрий Михно атқарған еді.

Протокол қызметі Президенттің ел ішіндегі өңірлерге және шетелдік жұмыс сапарларын, сондай-ақ басқа да ішкі және халықаралық іс-шараларды дайындап, өткізеді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының атынан шет мемлекеттердің президенттері мен үкімет басшыларына, шет мемлекеттердің көрнекті саяси және қоғам қайраткерлеріне түрлі жолдаулар дайындайды.