• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Маусым, 2014

Жемқорлыққа жол жоқ

916 рет
көрсетілді

Қоғам дамуының дарағына түскен жегі құрттың бірі – сыбайлас жемқорлық: ол білім саласына да дендеп енді. Елдің ертеңгі тізгінін ұстар жастар уақыт талабына жауап беруі үшін алдымен біліммен қарулануы тиіс. Ал білім саласын сыбайлас жемқорлық шырмап алса жас өркеннің ертеңі не болмақ? Білімі мен біліктілігі төмен, босбелбеу мамандар ұстаздан ұят кеткен, шәкіртте сана жоқ, сыбайлас жемқорлықтың торына тұтылған оқу орындарында дайындалуда. Ал мұндай көрініс мемлекетіміздің іргесіне, тәуелсіздіктің тұғырына қауіп төндіреді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы – қалыптасқан мемле­кет­тің жаңа саяси бағыты» атты Жол­дауында жемқорлықтың қатерін айта келіп, оны құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы күресті күшейту керектігін міндет етіп қойды және бұл ретте мемлекет пен қоғамның жемқорлыққа қарсы күресте тұтас бір күшке айналуын тапсырған еді. Алайда, сыбайластық бәсеңдер емес. – Өкінішке қарай, ресми мәліметтер бойынша, бүгінде қазақ­стандық білім саласы жем­қор­лық дертіне шалдыққан са­лалар­дың үштігіне енген. Сондық­тан, білім жүйесінің ал­­дын­да­ жем­қорлыққа қар­с­ы­­ тұ­ру үшін белсенді жұмыс­тар­­ды жалғастыру және жетілдіру қандай білім орда­сы­ның да міндеті болуға тиіс, – дейді А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті заң факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Өмірбек Оразбаев. Мәселен, бұл орайда, қоғам­­дық кеселге қарсы күрес бәсең­де­меуі, үзілмеуі тиіс екенін Қос­танай мемлекеттік университеті басшылығы жақсы түсініп, жастар санасында антикоррупциялық дүниетаным мен көзқарасты қалыптастыруды оқу-тәрбие жұмысының темірқазығы етіп алған. Университет ректоры, профессор Асқар Наметовтің тікелей бастамасымен «Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүние­танымды дамыту тұжырым­дамасы» дайындалған. Оған білім ордасындағы заң факультетінің ұжымы мен ғалымдары атса­лысты. Жақында университет­тегі ғылыми кеңестің ашық отырысында осы тұжырымдама талқыланып, қабылданды. Ғылыми кеңестің ашық отырысына оқытушылар, студенттермен бірге облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті, облыстық ішкі істер департаменті, облыстық прокуратура, үкіметтік емес ұйымдар, партиялар өкілдері қатысты. Университет ғалымдары мен оқытушылардың белсене араласуымен дайындалған нормативтік сипаттағы құжатта заң техникалары талап ететін барлық параметрлер мен реквизиттер мүмкіндігінше сақталды. Университет ұжымы мақсат бір болғандықтан бұл құжат Қазақстандағы өзге де білім ордалары тарапынан қолдау табады деген үмітте. Жастардың болашағын күңгірт ететін кеселге қарсы күрес үшін қару болуға лайық тұжырымдамада, ең алдымен, сыбайлас жемқорлықтан білім жүйесіне келетін үш деңгейлі қауіп көрсетілген. – Біріншіден, түрлі жем­қорлық әрекеттер ұдайы өз­гере отырып, білім жүйесіне те­реңдей енуі мүмкін, соның салдарынан жүзеге асырылып жатқан маңызды реформалар кедергілерге ұшырай­ды, маңызы төмендейді. Екінші­ден, жемқорлық мемлекеттік басқару құрылымдарының, білім жүйесінің Стратегиядан туындайтын проблемаларды шешуіне қауіп төндіреді. Сы­байлас жемқорлықтың қаупі меншік формасына қарамайды, барлық ұйымдар ісіне өзінің кері әсерін тигізеді. Үшіншіден, білім алған түлектер немесе білім саласындағы мамандар жем­қорлық әрекеттер жасау меха­низмдерін меңгеріп, мем­лекеттік басқару органдары­на қызметке тұрады. Ал олар­дың қолына берілген билік функ­цияларының ауқымын ескерсек, мемлекеттің конституциялық негіздеріне қауіп төнері айқын, – дейді университет ректоры, профессор Асқар Наметов. Тұжырымдама қағаз бетінде қалатын сөз болмайды. Ол білім ордасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілетін жұмыстарға бағыт-бағдар береді. Сондықтан да, А.Байтұрсы­нов атындағы Қостанай мемле­кет­тік университеті ғылыми кеңесінің ашық отырысында қабылданған тұжырымдамамен қатар, енді білім ордасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес құрылады және оның ережесі дайындалады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан». ҚОСТАНАЙ.