Қазақстан шахмат федерациясы Үндістандағы Гран-при турнирі төңірегіндегі дауға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан шахмат федерациясы аталған турнирге қатысты барлық мәселелер FIDE мен Үндістандағы турнирді ұйымдастырушылардың құзырында екенін мәлімдеді.
- Федерация өз тарапынан қазақстандық спортшыларға қолдау білдіріп, әлемде әйелдер арасындағы шахмат турнирлерінің ұйымдастырылу деңгейі жоғарылайды деп үміттенеді. Сондай-ақ Қазақстан шахмат федерациясы FIDE және барлық мүдделі тараптармен аталған мәселені талқылайды. Біздің белді шахматшылар бұл келіспеушілікті жүйелі шешіп, өз талантымен жаңа жеңістерге жетіп, бізді қуантады деген сенімдеміз, - делінген федерацияның ресми сайтында жарияланған хабарламада.
Еске сала кетейік, блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева өзінің Instagram парақшасында Жансая Әбдімәлікке қатысты сыни пікір жазды. Кейінірек FIDE президенті Гран-приге қатысушылардан кешірім сұрады. Жансая Әбдімәлік жарыстан неге бас тартқанын түсіндірді.