АСТАНА. 30 маусым. Тәуелсіздік алғалы бері елімізге жалпы 180 млрд. АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция құйылған. Бұл туралы «24kz» хабарлады.
Жоғарыда көрсетілген қаржы бүкіл Орталық Азия мемлекеттеріне тартылған капиталдың 70 пайызын құрап отыр.
Бүгінде еліміздің экономикасына инвестиция салуға құлшыныс білдіріп отырған шетелдік ірі компаниялардың қатары өсе түсуде. Шетелдік инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушылықтарының артуына көптеген жағымды факторлар әсерін тигізуде. Мәселен, елімізде үлкен нарықтық мүмкіндіктер мен табиғи ресурстар мол. Сондай-ақ, еліміздің стратегиялық орналасуы да бірқатар артықшылықтарға ие. Бұдан бөлек, экономикалық, саяси және әлеуметтік тұрақтылық, қолайлы инвестициялық заңнама шетелдік инвесторлар үшін өте тиімді. Сонымен қатар, салық төлеуде инвесторларға едәуір жеңілдіктер жасалған.
Тағы бір ерекше тоқтала кетер жәйт, аса ірі инвесторлар Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне мүшелікке өте алады.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «24kz».
Фото: vestikavkaza.ru.