• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 28 Наурыз, 2023

Халықаралық ұйымның бағасы жоғары

201 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссия­сының төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс және мәс­лихат сайлауын байқау жөнін­дегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мис­сиясының басшысы Оуэн Мерфимен кездесті. Кездесу шеңберінде ОСК басшысы шетелдік мейманға шақыруды қабылдағаны және қысқа және ұзақмерзімді байқау­шы­ларды жолдағаны үшін алғысын айтты.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының миссиясынан 410 байқаушы ак­кре­диттеуден өтті. Соның ішінде 350 адам 17 облыста және респуб­ли­калық маңызы бар 3 қалада сайлауды байқады. Сайлау комиссиялары байқаушылардың жұмысы үшін барлық жағдайды жасады. Сайлау қарсаңында өңірлерге сапар барысында ОСК мүшелері байқау­шылармен көптеген кездесу өткізді.

Ортсайлауком басшысы Пар­ламент Мәжілісіне кезектен тыс сайлаудың қорытындысы туралы хабардар етіп, өткен сайлау науқаны бәсекелестіктің жоғары деңгейдегі ерекшелігімен, үлкен қоғамдық қызығушылық тудырғанын, ұлттық және шетелдік байқаушылардың, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің теңдессіз көп санын тартқанын атап өтті. Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-мен ынтымақтастықты кеңейту қажеттігіне сенім білдірді.

Өз кезегінде, Оуэн Мерфи өткен сайлаудың маңыздылығын атап өтіп, ОСК-ның рөлі мен маңызына тоқталды. «Сайлауды ұйымдастыру бойынша атқарған жұмыстарыңызбен құттықтаймыз, тиімді басқаруды қажет ететін көптеген күрделі жаңашылдық пен өзгерістер болды», деді шетелдік қонақ. Сондай-ақ байқаушылардың қызметін ұйымдастыруға көмектес­кені үшін алғысын білдірді.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы кезектен тыс президенттік сайлау­ды және Парламенті Мәжіліс депутаттарының сайлауын байқау бойынша екі бөлек қорытынды есеп дайындайтынын хабарлады. Сонымен қатар парламенттік сайлауды байқау жөніндегі есеп жарияланғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы мен мүдделі мемлекеттік органдарға арнайы келіп таныстыратынын жеткізді.

Өз кезегінде Нұрлан Әбдіров ұсынысты қабылдауға дайын екенін білдіріп, Ортсайлауком бюромен, оның ішінде сайлау нау­қан­дары арасындағы сындарлы диалогті жалғастыруына үлкен мән берілетінін атап өтті. Миссияның қорытынды есептері ОСК жанын­дағы Сараптамалық кеңестің отырыстарында талқыланады.

Сондай-ақ миссия басшысына сайлау комиссиялары қабыл­да­ған шаралар туралы, оның ішін­де сайлау күні азаматтардың өтініш­тері мен шағымдарын жедел қа­рау, жіберілген жекелеген бұзу­шы­лық­тар фактілері бойынша қабыл­данған шаралар туралы ақпарат берді.

Кездесу соңында Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мис­сия­сының басшысы мен мүше­леріне атқарыл­ған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, қазақ­стандық тарап өткен сайлау бойынша қорытынды есептерде мис­сияның барлық ұсыны­мын зерделейтінін, ОСК мен ДИАҚБ миссиясының өзекті мәселелер бойынша ашықтығы мен сындарлы ынтымақтастығы қағидаттарында диалогті жалғастыру ниетін растайтынын атап өтті.