Өз міндеттеріне кіріскен Мәжіліс депутаттары комитеттердің санын анықтап, олардың төрағалары мен құрамын сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аграрлық мәселелер комитетін «Ауыл» партиясының мүшесі Серік Егізбаев;
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетін «AMANAT» партиясының депутаты Снежанна Имашева;
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін «AMANAT» партиясының депутаты Айгүл Құспан;
Қаржы және бюджет комитетін «AMANAT» партиясының депутаты Мәди Тақиев;
Экология және табиғатты пайдалану комитетін «AMANAT» партиясының депутаты Еділ Жаңбыршин;
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетін «AMANAT» партиясының депутаты Нұртай Сабильянов;
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетін Асхат Аймағамбетов басқарды.
Еске салайық, бүгін дауыс беру барысында Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды.