• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2023

Атырау облыстық мәслихатының төрағасы сайланды

308 рет
көрсетілді

Бүгін Атырау облыстық мәслихатының алғашқы сессиясы өтті, жиын барысында жаңа төраға сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың айтуынша, мәслихат құрамындағы 30 депутаттың 15-і бірмандаттық округтен, 15-і саяси партиялардан сайланған.

Оның ішінде 17-сі қайтадан мандат алған.

«Облыстық мәслихат депутаттарының арасында 23 ер, 7 әйел бар. Олардың орташа жасы – 45-те. Депутаттардың құрамында азаматтық қоғамның 6, БАҚ-тың 3 өкілі бар. Сондай-ақ 9 кәсіпкер, білім және спорт саласынан 3 қызметкер, 4 фермер, кәсіпорындардан 3, денсаулық сақтау саласы мен мемлекеттік органнан 1 өкіл сайланды», деп хабарлады Азамат Айманакумов.

Оның дерегіне сүйенсек, Аmanat партиясына 10, «Ақжол» партиясына 2, «Ауыл» партиясына 1, «Respublica» партиясына 1, «Байтақ» жасылдар партиясына 1 мандат берілген.

Алғашқы сессияда облыстық мәслихаттың төрағасы болып Мұса Хайруллиев сайланды.

Мәслихат депутаттары оның кандидатурасына қолдау білдірді. Ол облыстық мәслихаттың депутаттығына бірмандатты №5 округтен өзін-өзі ұсыну жолымен сайланған.

Мұса Қарашаұлы 1984 жылы туған.

Осы кезге дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Атырау облыстық филиалының директоры болып жұмыс істеген.

Атырау облыстық мәслихатың депутаттары төрт тұрақты комиссияның құрамы мен төрағаларын сайлады.