• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Өнер 01 Сәуір, 2023

«Төрінде көк ту»: Димаштың АҚШ-та жариялаған жазбасы жан тебірентті

546 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта АҚШ-тың Калифорния штатында жүрген қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өз жанкүйерлерін әлеуметтік желіде жариялаған суреттерімен қуантты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Терезенің сыртында Лос-Анджелес болса да, үйімде Қазақстан басталады», деп жазды Димаш Instagram желісінде.

24 наурызда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген  Лос-Анджелестегі әуежайдан фото жариялады, жанкүйерлері оны құшақ жая қарсы алған.