VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Президент жаңадан сайланған депутаттарды құттықтаудан бастап, 2022 жылғы өткен Конституциялық реформалар талабына сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауларының сәтті өткендігі туралы пікірін білдірді.
Партиялармен қатар азаматтардың да бірмандатты округтен өзін-өзі ұсыну мүмкіндігіне ие болуы, партиялар мен үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілуі, облыс әкімдері партия бөлімшелеріне жетекшілік етпейтіндігі, жоғары лауазымды қызметкерлердің партия тізімінде болмауы – міне, бұл жолғы сайлаудың өзгешелігі осындай ерекшелігінде жатыр. Әрбір партияның ұстанымы, идеологиясы тұрғысынан ерекшеленетіндіктен, Мәжіліске түрлі саяси көзқарастағы өкілдер келіп толықтырылды. Сайлаудағы партиялардың белсенді қызметінің көрінісі партияларды тіркеу мәселесін реттейтін заңнаманың оңтайландырылып өзгеруі де әсерін тигізді.
Сонымен қатар сайлаудың нәтижелері мемлекетте шынайы көппартиялық жүйенің қалыптасуына деген нақты мүмкіндіктердің бар екендігін көрсетті. Бұл үдерістің өзі мемлекетте азаматтық қоғам мен саяси мәдениеттің дамуында үлкен рөл ойнайтыны сөзсіз.
Мейрамкүл ИСАЕВА,
Саяси зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері