• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 04 Сәуір, 2023

Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымына қайта тағайындалды

402 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1979 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. 

1996 жылы Алматы қаласындағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастады.

2000-2002 жж. – Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бас маманы.

2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінде бөлім басшысы, басқарма басшысы.

2003-2005 жж. – Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің басшысы.

2005-2006 жж. – Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы.

2006-2007 жж. – «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметтері департаментінің бас менеджері.

2007 жж. – Әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты, Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы.

2007-2008 жж. – Әділет министрінің көмекшісі.

2008-2009 жж. – Әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры

2009-2014 жж. – Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры.

2014-2019 жж. – Премьер-министр Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылғы маусымнан бастап – Премьер-министр Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі.

2023 жылы 4 қаңтарда Әділет министрі болып тағайындалды.