Мұрат Алтынғазыұлы Мұқышев Қазақстаннан ШЫҰ жөніндегі ұлттық үйлестіруші лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мұрат Алтынғазыұлы Мұқышев Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымына тағайындалды», деп жазылған хабарламада.