• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Сәуір, 2023

Шымкентте «Ордабасы» және «Ақтөбе» футбол командасының жанкүйерлері төбелесті

360 рет
көрсетілді

Шымкентте 20-дан астам футбол жанкүйері полицияға жеткізілді. Олар жаппай төбелескен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Еңбекші аудандық полиция басқармасына Уәлиханов көшесіндегі «Прага» кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барған.

«Ордабасы» мен «Ақтөбе» футбол командаларының жанкүйерлері арасында келіспеушілік болғаны анықталды.

Қазіргі таңда полиция басқармасына 20 адам жеткізілді. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.