Түркістан облысының Бәйдібек ауданында тұратын аяулы ана дүниеге үш ұл бала алып келді. Жаңа туған нәрестелерге Арслан, Әлихан, Асылхан деген есімдер берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәліметке сәйкес, салмағы 1290 гр, 1230 гр және 1115 гр құраған нәрестелер мерзімінен бұрын туылған.
Сәбилер перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауында болған. Қазір нәрестелердің жағдайы тұрақты.
Айта кетсек, бұған дейін екі бала тәрбиелеп отырған түркістандықтар көпбалалы отбасыға айналды.