• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Сәуір, 2023

Алматыда қалалық сумен жабдықтау кәсіпорнына айыппұл салынды

258 рет
көрсетілді

Алматыда сапасыз қызмет көрсеткені үшін қалалық сумен жабдықтау кәсіпорнына 120 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

− «Ерменсай» шағын ауданының тұрғындарына сапасыз қызмет көрсеткен «Сумен қамту қалалық сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС-ға 120 млн теңге айыппұл салынды, − деді Е. Досаев.

Қала әкімі Бостандық ауданының тұрғындарына коммуналдық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін биыл 25 км инженерлік желілерді, оның ішінде 6 км астам су құбыры желілерін, 0,9 км жылу трассасын қайта жаңарту, 16,5 км жоғары вольтты электр кабель желілерін, 1,5 км орташа қысымды жерасты газ құбырын жөндеу жоспарланғанын айтты.