Түркістан облысының полицейлері суару каналынан мәйіті табылған қыз туралы тағы да тың деректер жинады, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, Ордабасы ауданында кеудесіне пышақ жарақаты салынған 9 сынып оқушысының мәйіті табылды.
Күдікті ретінде 11 сынып оқушысы ұсталды. Аталған оқиғаға қатысы бар деген екінші күдікті жігіттің жеке басы анықталып, қамауға алынды. Ол - жергілікті тұрғын, жас жігіт.
Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын оқиға орнында нақтылап көрсетті.
Қазір екі жігіт қамауда отыр. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады. Тергеу ісі Түркістан облысы ПД басшылығының жіті бақылауында.